ОРДАБАСЫ - АТЫРАУ 1:1
Бекхан 17 (0:1), Трайкович 30 (1:1) ОРДАБАСЫ: Нестеренко, Мухтаров, Трайкович, Мвесигва,
Ирисметов, Касьянов, Евстигнеев, А. Нургалиев (Вагнер 82), Ешманов,
Аширбеков (Асанбаев 57), Перич (Тажимбетов 46) Резерв: Бекбаев, Адырбеков, Махамбетов, Б. Кожабаев АТЫРАУ: Шабанов, Чуреев, Куцов, Джонатас, Яковлев,
Травин, Джолчиев, Бекхан, Татишев (Акбаров 89), Алейников (Огбонна Зито
71), Шафф (Нивалдо 60) Резерв: Сивожелезов, Кайраллиев, Нурыбеков, Жумабаев Аширбеков 31,
Мвесигва 51, Мухтаров
90+1 - Бекхан 31, Травин 50, Джолчиев 83 Бекхан 48 Вишниченко (Костанай), Полуэктов, Чжен (оба -
Тараз)
7 мая. Шымкент. Стадион имени Кажимукана. 2500 зрителей
АТЫРАУЛЫҚТАР
АЙЛАСЫН АСЫРТПАДЫ
Осыған дейін «Атырау» командасын баптаған бас бапкер
В.Пасулькоға бұл кездесу аса жауапты болғаны рас. Шымкенттің ауа-райы
да футбол ойыны үшін өте қолайлы болды. Дегенмен, «Ордабасы»
командасының аяқ доп шеберлері ә дегеннен-ақ қарсыластарына тізгінді
беріп қойды.
Кездесудің 7-ші минутында Азат Нұрғалиев сол қанаттан Ешмановтың берген
пасын голға айналдыра алмады. Үш бірдей қорғаушыны алдап өткен оған
қақпашы Шабанов тосқауыл қоя білді.
Осылай қарсыластардың қақпасына доп салуға қызығып кеткен
ордабасылықтардың қорғанысы сыр берді. Ойынның 17-ші минутында үш
бірдей қорғаушының ортасынан сытылып шыққан Бекхан қақпашы
Нестеронконың осал жерін тапты. Есеп 0:1.
Өздерінің қақпасына гол соғылғаннан кейін ғана ес жинаған алаң иелері
бүкіл команда болып, атыраулықтардың қақпасына шабуылдады. Осындай
сәтте «Ордабасы» командасының шабуылшысын қонақтар ойын ережесіне сай
емес әдіспен шалып тоқтатты. Айып добын шамамен 18-20 метр жерден
өте сәтті орындаған команда капитаны Қайрат Әшірбеков жеке шығып келе
жатқан Александр Трайковичтің аяғына доп шығарып берді. Мұндай
сәттілікті мүлт жібермейтін сұр мерген Трайкович 30 –шы минутта есепті
теңестірді. Гол 1:1.
Ал, ойынның екінші кезеңінде есепті өзгертуге күш салмақ болған
команданың бас бапкері Виктор Пасулько кездесуде бұған дейін өз
дәрежесіне сай ойын өрнегін көрсете алмаған Иван Перичтің орнына
Дәуренбек Тәжімбетовті шығарды. Ойынға кіре сала қақпаға соққы
бағыттаған Дәуренбектің добы қақпашының аяғына тиіп, бағанадан сәл ғана
қиыс кетті.
Ойыннның 49-шы минутында әлгінде гол салып, өзін жақсы қырынан
танытқан Бекхан допты қолмен қағып алып, өнер ережесін өрескел бұзды.
Төрешіден екінші рет қатарынан ескерту алған атыраулық шабуылшы
алаңнан қуылды.
Он ойыншысы қалған «Атырау» командасы енді бар мүмкіндіктерін
қорғанысқа салды. Жасыл алаңға алмасып кірген Радригес бастаған
қорғаушылар Рамиз Маммедов қойған тактиканы өз биігіне сай орындап
шықты.
Мвесигва, Вагнер және Тәжімбетовтің қаншама рет қақпаға доп салуға
мүмкіндіктері болғанымен таблодағы есеп тең күйінде өзгеріссіз қалды.
1:1.
Рамиз Маммедов, «Атырау» командасының бас бапкері:
- Біз бұл кездесуге жеңіс үшін келген болатынбыз. Өзімізге
тым сенімді болғанымыз рас. Алғаш есеп ашқан шәкірттерім бар
мүмкіндікті қолда ұстап қала алмай, үш ұпайдан айрылып қалды. Дегенмен
де, «Ордабасы» командасының футболшылары оңай шағылар жаңғақ емес
екендіктерін дәлелдеді.
Ойынның екінші кезеңінде он футболшы қалсақ та өзіміздің өршілдігімізді
танытып, тең тарқастық.
Виктор Пасулько, «Ордабасы» командасының бас бапкері:
- Барлық кездесулерде мұнайлы өңірдің футболшылары өздерінің
шеберліктерін көрсетіп келеді. Біз бүгінгі матчтың өте тартысты
өтетіндігін алдын-ала сездік. Сонымен қатар, аса жауапты кездесуге
мүмкіндігінше тактика қарастырдық. Ізбасарларымның қаншама рет гол
салуға зор мүмкіндіктері болғанымен, бұл кездесуде ойынды тең есеппен
аяқтауға мәжбүр болдық. Айта кетерлігі, біз жасыл алаңда ойлаған
жоспарымызды жүзеге асыра алмадық. Нәтижесінде, қарсыластарымызбен
лайықты тұрғыда ұпай бөлістік.
Ілияс ЖОЛДАС
«Ордабасы» КФК пресс-атташесі
|