ШАХТЕР - АТЫРАУ 0:2 Травин 53, Леон Джавиер 73 ШАХТЕР: Мокин, Утабаев, Джидич, Васильевич, Парываев, Боровский, Байжанов, Дубков (Хижниченко 62), Кукеев, Финонченко (Досманбетов 74), Рашкович Резерв: Григоренко, Борантаев, Вичюс, Алиев, Тюленев АТЫРАУ: Шабанов, Чуреев (Володин 89), Леон Джавиер, Джонатас, Яковлев, Травин, Нивалдо (Зунунов 86), Акбаров, Бекхан, Джолчиев, Шафф (Алейников 90) Резерв: Калменов, Нурыбеков, Зито, Татишев Финонченко 42, Джидич 42, Боровский 81 - Бекхан 34, Леон Джавиер 42, Травин 51, Шафф 83 Карлибаев (Уральск), Копжасаров (Костанай), Кумашев (Астана) 12 марта. Астана. «Астана-Арена». 4000 зрителей Футболдан Қазақстанның ХХ чемпионатында сынға түсіп жатқан Қарағандының
«Шахтері» алғашқы жеңілістің ащы дәмін татты. Ел біріншілігінің екінші
турында, яғни 12 наурыз күні «кеншілер» Астанада «Атырау» командасымен
күш сынасқан болатын. Кездесудің бірінші таймы өте тартысты жағдайда
өтті. Алма-кезек шабуыл да, пасты қисық беріп, доптан аяқасты айырылып
қалу да, бәрі-бәрі жиі болып жатты. Дегенмен, қонақтарға қарағанда
қарағандылықтардыңңның ортасында, сонан соң, өзінің айып алаңында
қателесуінің жиі орын алғаны рас еді. ала Үзілістен соң «Шахтер»
ойынын ширатады деген үміт өзін-өзі, ақтамады: атыраулықтар екінші тайм
басталысымен алаңның орта тұсында толығымен үстемдік құрды. Қонақтардың
құрамындағы Леон, Соуза, Родригес сынды легионерлердің шеберлік-деңгейі
қарағандылық футболшылардан әлдеқайда жоғары екендігі көзге ұрып-ақ
тұрды. Сонымен қатар, «Атыраудың" құрамында ойнаған Қарағанды футболының
түлегі Сергей Шафф та бұл матчта өте сауатты ойын-өрнегін көрсетіп,
еңсемізді түсірді. Бұлай дейтін себебіміз, аталған футболшы биылғы
маусым басталардан бір апта бұрын «Шахтердің" құрамынан кетіп,
атыраулықтардың намысын жыртуға ниет білдірген болатын. Сонымен,
екінші таймның 10-шы минутында атыраулықтар өздерінің басымдығын
алғашқы голмен нақтылады: жартылай қорғаушы Андрей Травин шебер
ұйымдастырылған шабуылдың соңғы нүктесін сәтті қоя білді. Есеп ашылған
соң тұщы етіне ащы таяқ тиген «Шахтер» қарсы шабуыл ұйымдастыруға
тырысқанымен, жүйесіз ойын нәтиже бере қоймады. Алаңның ортасындағы
жартылай қорғаушы Мақсат Байжанов пен шабуыл өтіндегі Андрей Финонченко
мен Миланко Рашкович арасындағы байланыс берік болмай, жиі үзіліп жатты.
Финонченко демекші, «Шахтердің" капитаны бұл ойында да өзіне берілген
зор мүмкіндіктерді сәтімен пайдалана алмай, жігерді құм қылды. Тіпті ол
қақпашымен жекпе-жек шығып, бос тұрған даладай қақпаға допты дұрыстап
тебе-де алмады. Сол қапталда ойнаған Жамбыл Көкеевтің де бұл матчта ойға
алғаны іске аса бермеді. Рас, бір рет сол қапталдан әуелетіп тепкен
добы қарсыластар қақпасының маңдайшасы мен бағанасы түйіскен оң жақ
бұрышына жалап тигені болмаса… «Шахтер» осындай сүреңсіз ойынмен
алаң үстінде, ақ тер-көк тер болып жүргенде, атыраулықтар ойынның
71-минутында тағы бір гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді. Голдың авторы —
осы матчта жақсы қырынан танылған Леон Джавиер Игнасио еді.
Ойынның соңына қарай ең болмаса бір гол соқсақ деген «Шахтердің" талабы
тасқа соғылып, олардың дүркін-дүркін ұйымдастырған шабуылы еш нәтиже
бермеді. Ойынның соңынан кейін болған баспасөз мәслихатында
«Атыраудың" бас жаттықтырушысы Рамиз Мамедов сыпайылық сақтап,
«Шахтердің" атына біраз мадақ сөз айтты. «Біз бүгін Қазақстан
футболындағы ең мықты команданың бірімен кездестік», — деді бапкер.
Сондай-ақ, Рамиз Мамедов «Астана-Арена» сынды ғажайып стадионды салған
жандарға деген алғыс айтып, жасанды болса да мұндай алаңда ойнаудың өзі —
футболшылар үшін зор бақыт деген сыңайдағы ризалық сезімін жеткізді.
Бізді елең еткізгені, «Атыраудың" бас бапкері журналистер алдында тек
өзінің ана тілі — әзірбайжан тілінде ғана сөйлеп, көмекшісі оны аударып
беріп отырды… «Шахтердің" бас жаттықтырушысы Виктор Кумыков
баспасөз мәслихатында жеңілістің себебі — қорғаныста жіберілген көп
қатенің салдарынан деген уәж айтты. Сондай-ақ, ол журналистердің
бірінің: «Сергей Шафф бүгінгі ойында ең үздік футболшылардың бірі болды.
Осы талантты ойыншыдан тура маусым алдында неге айырылып қалдық?», —
деген сұрағына былайша жауап берді: «Шафф маусым алдындағы жаттығуда
өзін дұрыс көрсете алмады. Дайындық деңгейі өзге футболшылардан көп
төмен болған соң, оны „Атырауға" жалға бердік. Оның бүгінгі матчта жанын
салып ойнаған себебі — өзін-өзі көрсете алмаса, атыраулықтар оны
құрамнан қуып жіберер еді… Көреміз, жақсы ойнап кетсе, командаға қайта
шақыруымыз да мүмкін…».
Пресс-служба ФК "Атырау"
«Горняки» приняли «Атырау» в Астане, где они проводят свои домашние матчи на старте нынешнего сезона. В сравнении с матчем первого тура в основе «Шахтёра» не было никаких изменений. Ворота «горняков» вновь защищал Александр Мокин. Пару центральных защитников составили высокорослые Алдин Джидич и Никола Василевич. На флангах обороны действовали Андрей Порываев (слева) и Кайрат Утабаев (справа). В центре средней линии расположились Максат Байжанов и Григорий Дубков. На левом фланге полузащиты играл Жамбыл Кукеев, на правом – Вадим Боровский. В нападении у хозяев действовали Миланко Рашкович и Андрей Финонченко, который, как и в предыдущей игре, исполнял функции капитана команды. Хозяева начали встречу активнее. Однако гости сразу же противопоставили «горнякам» свою игру. На всём протяжении матча «Шахтёра» с «Атырау» на поле шла напряжённая борьба. Никто не хотел уступать. В начале игры обострить ситуацию вблизи чужих ворот попытался Кайрат Утабаев, подавший в штрафную со своего правого фланга, но Шабанов уверенно прервал эту подачу. Затем уже нападающий «Атырау» Бауыржан Джолчиев решил перебросить Александра Мокина, однако голкипер хозяев, предугадав действия оппонента, поймал мяч в руки. Немного позже из центра полузащиты «горняков» последовал заброс на Миланко Рашковича - Андрей Шабанов забрал мяч в ногах у рвавшегося к воротам форварда. В конце первого тайма старавшиеся отвечать своим соперникам атакой на атаку игроки «Атырау» заработали стандарт примерно в десяти метрах от штрафной площади. Реализовать его гости не смогли. В конечном итоге первый тайм завершился нулевой ничьей. Через восемь минут после начала второй половины встречи Андрей Травин вывел гостей вперёд. «Горняки» сразу же попытались отыграться и заработали опасный штрафной. Максат Байжанов кручёным ударом пытался перехитрить Шабанова, однако голкипер гостей сыграл надёжно. Затем уже владения Александра Мокина опасно атаковал Сергей Шафф, которому в конечном итоге чуть-чуть не повезло. Чуть позже полузащитник хозяев Жамбыл Кукеев пробил в дальний угол – мяч после его удара совсем немного разминулся со створом ворот «Атырау». На 73-й минуте гости удвоили своё преимущество в счёте. Точным ударом из пределов штрафной отметился Леон Джавиер. Пропустив второй мяч, «горняки» не опустили рук и в оставшееся до конца матча время сделали всё для того, чтобы спасти игру. В одном из эпизодов по воротам Шабанова с хорошей позиции пробил вышедший на замену Сергей Хижниченко, но вратарь гостей в этот вечер действовал безукоризненно. В концовке матча игра шла на встречных курсах. «Горняки» атаковали всё более мощно, игроки «Атырау» также при первой возможности пытались обострять игру вблизи чужих ворот. На финишной прямой матча у игроков «Шахтёра» были неплохие моменты для того, чтобы поразить цель, однако реализовать их «горнякам» не удалось.
Сергей КИКОЛЕНКО Пресс-служба ФК «Шахтёр»
|